ФОТО: Қолдан тайып кетпейтін сабын ойлап табылды
Мамандар қолдан тайып кетпейтін сабын ойлап тапты.
10:15 25.02.2018
Ерекше сабынның негізіне жаға қорғаушы және кедергі мақсатында қолданылатын бетонды тетрапод пішіні алыныпты.
Tetra Soap дизайнерлері қолдан тайып кетпейтін сабын ойлап тапты. Мұндай идеяны ұсынған Майк Мак сабын негізіне тетрапод пішінін алуды жөн көрген.
Тетрапод жаға қорғаушы және кедергі мақсатында қолдану үшін 1950 жылы Францияда ойлап табылған.
Ерекше пішін сабынның қолданылғаннан кейін жылдам кебуіне мүмкіндік береді.
Мұндай сабындарды жасап үшін силикон қалыптар қажет. Сабын ерекше суық технология арқылы жасалады.
Мамандардың сөзінше, сабынның әр кесегі нығыздалған қалыпты бір ай тұрады екен. Алайда сабын қолданған кезде пішінін жоғалтпайды.
Сабынның құрамына зәйтүн майы, какос майы, органикалық цитрус биофлавоноидтары, шай ағашы, сандал ағашының майы сынды заттар кіреді.
«Сабын 5000 жыл бойы күнделікті тұрмыста қолданылып келеді. Оның дайындалуының мыңдаған әдісі мен формуласы бар. Десе де ол үнемі қолдан тайып кете беретін. Мен мұны өзгерткім келді. Tetra сабынын дымқыл күйінде де алуға ыңғайлы», – дейді Майк Мак.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!