ВИДЕО: Кептелістен баласына жол ашып берген ана
Ресейдің Орел қаласындағы көшеде болған оқиғаның видеосы кеңінен таралуда.
12:31 25.02.2018
Анасы кептелісте тұрған баласының көлігіне жол ашып беріп, реттеушінің рөлін атқарған.
Ролик Орел қаласында түсірілген.
Бірнеше қатарға тізіліп кептелісте тұрған көліктердің жолын кес-кестеген ана ұлының Opel маркалы көлігін аман-есен көше қиылысынан өткізіп жіберген.
Ролик авторы оған «Өткізбейді ме? Қазір, балам, анаң бәрін де реттейді!» деген жазба қалдырған
Роликті тамашалаған желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды: бірі әйел жол-көлік қозғалысы ережелерін өрескел бұзған десе, енді бірі, керісінше, оның бұл әрекетін құптап, мұндай жағдайдан көлік апатына ұшырамай, аман-есен шығудың бірден-бір жолы деп есептейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!