{metadescription}
ФОТО:11 жыл бойы иесінің бейітіне түнеген аргентиналық Хатико өліп қалды

ФОТО:11 жыл бойы иесінің бейітіне түнеген аргентиналық Хатико өліп қалды

Аргентинада Капитан деп аталатын ит 11 жыл бойы иесінің бейітіне түнеп, ақыры сол жерде өліп қалды.

Аргентиналық Хатиконы 2005 жылы кордовалық Мигель Гузман ұлына сыйлық ретінде сатып алған. Бір жылдан кейін Мигель қайтыс болып, сатып алған иті де аяқ асты жоғалып кетеді.

Әкелерінен айырылған отбасы жоғалып кеткен ит басқа үй тауып алған болар деп ойлайды. Күндердің бір күнінде отбасы мүшелері дұға бағыштау үшін марқұмның бейітіне барғанда бірнеше ай бұрын жоғалтып алған иттерін көреді.

Жақын маңда тұратын тұрғындар Капитан бірнеше ай бойы мазар маңынан кетпегенін, оны сол жердегі жұмысшылар қоректендіріп жүргенін айтқан.

«Біз бейіт басына келгенде алдымыздан шығып қыңсылаған итіміз жылап тұрғандай әсер қалдырды. Біз жерлеу рәсіміне оны алып бармаған едік, сондықтан бұл жерді қалай тауып алғанын білмейміз», - дейді Мигельдің жары Вероника Гузман.

Мигельдің ұлы Дамиан итті өзімен бірге алып кетуге бірнеше рет талпынып көрген, бірақ ит араға көп уақыт салмай кешқұрым бейіт басына қайта оралып отырған.

«Кейде ол күні бойы мазар ішін аралап, кешке қарай иесі жатқан бейіт басына қайтып келеді. Ол әр түн сайын иесі жатқан бейітінің үстінде ұйықтайтын», - дейді зират директоры Гектор Баччега.

Аргентиналық Хатико иесінің бейітінде 11 жыл өмір сүрді. Осы жылдар бойы ол Мигельдің бейітін бірнеше сағаттан астам уақытқа қалдырып көрген жоқ. Мазар жұмысшылары 15 жастағы иттің күні-түні күзеткен бейіт басында өліп қалғанын көрген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде