Еліміздің бір өңірінде бəйшешек гүлдеді
Көктем айы таяп қалса да, еліміздің бірнеше өңірінде əлі де аяз сақталып тұр.
08:00 26.02.2018
Ал Оңтүстік Қазақстанда бəйшешек гүлдепті.
Қар толып еріп, ағаштар бүршік жарып, күн жылына бастаған.
Көктемнің иісін əкеп, топырақ астынан жарып шығатын күн сəулелі бəйшешек жергілікті жұртты бір қуантып тастады. Ол қыстан аман-есен шыққанның нышанын білдіретін сүйінші сыйлайтын гүл.
Синоптиктер бұл өңірде осы аптада күннің жылы болатынын айтады. 2-наурызға дейін Оңтүстік Қазақстанда 17 градусқа дейін жылиды деп болжайды.
Кейбір өңірде аздаған жауын-шашын болуы мүмкін. Ал солтүстік аймақта +7-ге дейін жылуы мүмкін дейді сноптиктер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!