Қазақстанда 2020 жылы нөлінші сынып енгізіледі
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Қарағанды облысының ғылыми және педагогикалық сала өкілдерімен кездесуі кезінде «нөлінші» сынып қай жылы енгізілетінін нақтылап айтты.
14:21 26.02.2018
«Нөлінші» сыныпты 2019 жылы емес, 2020 жылы енгізуді жоспарлап отырмыз.
«Нөлінші» сынып - бұл негізінен мектепалды дайындықтың қазіргі жүйесі. Оның мәні - мектепалды дайындық сыныбының балаларына арналған бірыңғай бағдарлама құру. Аталған дайындықтан балабақшада және мектепте де өтуге болады», - деді Ерлан Сағадиев.
Оның айтуынша, мектепалды дайындықпен қазақстандық балалардың 80 пайызы қамтылған.
Министрлік бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуді көздеп отыр.
Барлық мектеп жасына дейінгі балалар 1 сыныпқа барар алдында бір деңгейдегі дайындықта болуы маңызды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!