Жас жігіт үш баланы өрттен құтқарды
Павлодар облысында жекеменшік үйден өрт шығып, жас жігіт үш кішкентай қызды құтқарып алды.
17:57 26.02.2018
«24 ақпан күні 16:38-де Ақсу қаласына қарасты Беловка ауылында жекеменшік үй өртеніп, үйдің шатыры опырылып түскен. 70 шаршы метр ауданды жалын шарпыған. Сегіз шақырым жердегі өрт сөндіру қызметі жеткенге дейін 1993 жылы туған куәгер 2013, 2015 және 2017 жылдары туған үш қызды құтқарып алған. Иіс газына тұншыққан балалар аудандық орталық ауруханаға жеткізілді», - дейді Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
Тілсіз жау 17:37-де ауыздықталып, 21:21-де толықтай сөндірілді.
Алдын ала болжамдарға қарағанда, балалардың тентектігі оқыс оқиғаға себеп болған.
Өртті сөндіруге Павлодар облыстық ТЖД жеті қызметкер мен екі техниканы жіберген.
ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!