{metadescription}
Дәрігерлердің салғырттығынан жүкті әйел қайтыс болды

Дәрігерлердің салғырттығынан жүкті әйел қайтыс болды

Астанада дәрігерлердің немқұрайдылығынан қайтыс болған жүкті әйелдің анасына қалалық перинаталдық орталық моральдық шығын үшін өтемақы төлеуге міндеттелді.

Соттың ақпаратына сәйкес, арызданушының қызы қаладағы №1 Перинаталдық орталықта тіркеуге тұрған.

Ол үш ай бойы дәрігерлерден көмек сұрап, денсаулық жағдайына байланысты түсік тастау қажеттігін айтқан.

«Дәрігерлердің қызметтік борышына ұқыпсыздықпен қарауының салдарынан науқастың ауруының деңгейі анықталмаған, бұл оның өліміне әкеп соқтырған», - делінген сот хабарламасында.

Қайтыс болған әйелдің анасы Есіл аудандық сотына шағым түсіріп, Перинаталдық орталықтан материалдық залал мен моральдық шығын үшін өтемақы талап еткен. Сот оның пайдасына 2 миллион теңге мөлшеріндегі сома моральдық шығын үшін, 4,5 миллион теңгеден астам сома материалдық залал үшін өтемақы төленетіні туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енді.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде