{metadescription}
ВИДЕО: Британдық боксшы жекпе-жекте алған жарақаттан көз жұмды

ВИДЕО: Британдық боксшы жекпе-жекте алған жарақаттан көз жұмды

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін британдық боксшы Скотт Уэстгарт (7-2-1, 2 КО) жекпе-жек кезінде басынан алған жарақатынан кейін 31 жасында қаза тапты. 

24 ақпан күні Уэстгарт Дека Спелмэнмен (11-1, 7 КО) өткен кездесудің раундында нокдаунд алып қалды.

Дегенмен де бұл нокдаундға қарамастан ол ұпай санымен жеңген болатын. Келесі жекпе-жегінде Уэстгарт Ұлыбритания чемпионы белбеуі үшін кездесу өткізуі тиіс еді. 

Кездесуден кейін Уэстгарт рингте берген сұхбат берген. Бірақ сол кездің өзінде оның жағдайы дұрыс емес екені байқалып тұрған. Кейінірек оны емханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Боксшының миына қан кетіп, өмірден озды. 

Уэстгарт кәсіпқой бокстағы карьреасын 24 жасында бастаған.  Біраз уақыт бокспен қатар шаңғы нұсқаушысы және Шеффилда қонақүйі ресторанында аспазшы болып қосымша жұмыстар жасаған.

Оның өлімене байланысты көптеген танымал тұлғалар айтты. Солардың қатарында промоутер Эдди Хирн, әлемнің экс-чемпионы Рикки Хаттон, әлем чемпионы титулына бірнеше мәрте үміткер болған Мартин Мюррей  және басқа да боксшылар бар.

Ал оның соңғы  қарсыласы Дек Спэлман  Уэстгарт отбасына қолдау білдірді.

"Мен қатты қайғырудамын, ақталарға сөз таппадым. Мен Скотқа және отбасы мен таныстарына дұға қылуды жалғастырамын. Жатқан жерің жайлы болсын досым", - деді Спэлман.

ДЕРЕККӨЗ: Vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде