{metadescription}
Өзбекстан азаматы бойжеткенді пышақтап, тонап кетті

Өзбекстан азаматы бойжеткенді пышақтап, тонап кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстан азаматы бойжеткенді пышақтап, тонап кетті.

Қылмыстық оқиға Сарыағаш ауданында болды. Полицияға жаралы жас қыздың аудандық ауруханаға жеткізілгені туралы хабарланған.

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары 20-25 жас шамасындағы қыздың белгісіз азаматпен жанжал кезінде пышақ жарақатын алғанын анықтады.

Қыз көмекке шақыра бастаған кезде күдікті жәбірленушінің ұялы телефонын өзімен бірге алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында 40-45 жастағы Өзбекстан азаматын  ұстады.

Қазір оның үстінен «адам өлтіруге оқталу» және «қарақшылық» баптарымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде