Министр қазақ тілінде баяндама жасауға уәде берді
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келесі Үкімет отырысында таза қазақ тілінде баяндама жасауға уәде берді.
14:32 27.02.2018
«95 пайыз қазақша болды. Енді қазір оның бәрін жасап жатырмын. Келесіде 100 пайыз қазақша жасаймын», - деді ол.
Ерлан Сағадиев сонымен бірге 2020 жылы мектептерде енгізілгелі отырған «нөлінші» сынып туралы айтып берді.
«2020 жылы нөлінші сынып енгізіледі. Дайындық барысы айтылды. Екі жылдың ішінде нөлінші сыныпты енгіземіз. Қазір көпшілік балабақшаларда, мектептерде бар (нөлінші сынып - авт.) 85 пайыз нөлінші сыныптар қазіргі уақытта балалар оқып жатыр. Жоспарымыз - 100 пайыз балаларды өткізу. Ол біріншіден. Екіншіден бірыңғай бағдарламасын енгізу. Көп өзгеріс жоқ, тек қана әліпбе латын тілінде басталады. Апробацияға әлі ақша бөлінген жоқ. Ең алдымен әліппені қабылдадық. Енді оқулықтарды дайындау керек. Оны сараптамадан өткізіп, содан кейін апробацияға кірісеміз», - деді министр.
ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!