Күдікті хаттың кесірінен 11 әскери адам зардап шекті
Вашингтон түбінде орналасқан АҚШ-тың әскери базасында күдікті хатты ашқаннан кейін 11 адам зардап шекті.
13:12 28.02.2018
Қазіргі уақытта ғимарат қоршауға алынды.
Әкімшілік ғимаратта (базаның) хат ашылғаннан кейін он бір адам өздерін жайсыз сезінген.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үш әскери қолы мен беті дызылдағанын айтып шағымданған. Біреуінің мұрнынан қан кеткен. Үш адам ауруханаға жатқызылды.
Оқиғаны АҚШ-тың теңіз жаяу әскерлері корпусы растап, бірнеше әскери қызметкер емделіп жатқанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытт ағимарат қоршауға алынды, мән-жай тексерілуде.
Тергеу жұмыстарына ФБР де атсалысып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!