ФОТО: 11 жасар баланы өзінен үлкен қызға үйлендірді
Ресейдің Новосібір қаласындағы “Аура” сауда орталығында ерекше үйлену тойы өткен.
15:45 28.02.2018
Сыған ұлтының өкілдері жасаған бұл тойдың басты кейіпкері, яғни күйеу жігіттің жасы – 11-де, қалыңдықтың жасы – 14-те.
Күйеу жолдас болған адамның жасы небәрі 10-да екен. Кеңінен талқыланған үйлену тойы жайлы ресейлік БАҚ жарыса жазды.
Осы материалдар негізінде Новосібір облыстық ІІД бас басқармасы тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Заңгерлердің айтуынша, тексеріс жүргізуге әбден негіз бар.
“АСТ-54” АХАЖ 11 жастағы баланың некесін қиюға рұқсат бермейді, сол себепті сығандар үйлену тойын өз дәстүрі бойынша жасаған.
Заңгерлердің айтуынша, қамқорлық ведомстволарының мамандары да осы істі тексеру қажет, себебі олардың басты мақсаты балалар зорлық-зомбылыққа тап болмауы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!