1 наурыз – Алғыс айту күні
Бүгін көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күнін атап өтеміз.
10:22 01.03.2018
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтере білді.
Сондықтан Алғыс айту күнін тарихқа тағзым ету деп түсінуге де болады. Бүгін Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында ерінбей еңбек етіп, маңдай терін төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
КТК арнасының ұжымы әр көрерменіне ілтипатын білдіріп, рақметін айтады. Арнаның жарыққа шыққан алғашқы күнінен бастап назарын КТК эфиріне аударған әр адам бізге қымбат.
Алдағы мереке күніне КТК сіздерге қызықты бағдарламалар дайындады:
Сенбі: 15:50 ”Алдараспан”, 16:40 ”Қазақстаным Атамекенім” Өмірқұл Айниязовтың шығармашылық кеші
Жексенбі: 15:00 ”Алдараспан”, 16:00 ”Жүрегім” Алишер Каримовтың шығармашылық кеші
Рақмет, көрермен!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!