{metadescription}
ФОТО: Допты хоккейден ел чемпионаты басталды

ФОТО: Допты хоккейден ел чемпионаты басталды

Өскеменде допты хоккейден Қазақстан чемпионаты басталды.

Спорт бәсекесіне 5 құрама сапында 100-ге жуық спортшы жарыс жолына шықты.

Жарыста айдын иелерінен бөлек, Астана қаласынан және Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген хоккейшілер өзара шеберлік байқасуда.

Үздік ұжым айналмалы жүйе бойынша өтетін сайыс арқылы анықталады. Допты хоккейден ел чемпионаты Шығыста осымен үшінші мәрте өткізілуде.

Хоккейшілердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған. Ең жас қатысушы 19-да болса, егде тартқандары - 60-ты алқымдаған спортшылар.

«Жарыс осы бір спорт түрін Қазақстан көлемінде кеңінен насихаттау мақсатымен өткізіліп отыр. Тарихқа көз жүгіртсек, алматылық «Динамо» хоккей клубы өз уақытында  талай жүлде иеленді. Біз де осы межеге жету үшін үнемі тыңғылықты дайындық жүргізіп келеміз», - деді допты хоккейден ШҚО бас бапкері Евгений Медведев.

Жоғары ойын деңгейін көрсеткен спортшылар алдағы желтоқсан айында Петропавлда өтетін ҚР Кубогіне жолдама алады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, чемпионат наурыздың төртіне дейін жалғасады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде