{metadescription}
ФОТО: Ер адам Фейсбук желісінде тікелей эфирде өз қылмысын мойындады

ФОТО: Ер адам Фейсбук желісінде тікелей эфирде өз қылмысын мойындады

Әйелін баласының көзінше орып өлтірген еркек, фейсбук желісі арқылы тікелей эфирге шыққан.

Абу Марван есімді 41 жастағы сириялық азамат тікелей эфирге шығып барлық әйелдерге қарата ақыл айтқан екен.

"Егер күйелеріңнің жүйкесіне тие берсеңдер, түбі не болатынын біліп жүріңдер",- деген екен Абу тікелей эфирінде. 

Абу Марван өзінің 37 жастағы әйелімен ажырасып кеткен. Әйелі болса уақыт сайын оған балаларын көруге рұқсат беріп тұрған.

Бірақ кері оралып, қайта отбасы болу әйелдің ойында да болмаған. Күндердің күнінде Абу мен оның бұрынғы әйелінің арасында жанжал туындайды. Ұрыс барысында әйел адам басқа еркекпен көңіл жарасқанын, кейін сонымен бірге отау құратынын жеткізген.

Сириялық азаматқа аталмыш әңгіме ауыр тисе керек. Ол ұзамай бұрынғы әйелінің үйіне баса-көктеп кіріп, оның тамағынан пышақпен жеті соққы жасаған.

Аталмыш оқиғадан соң ол өзін фейсбук арқылы тікелей эфирге шығып, ақырғы сөзін айтқан. Және ол барлықтарына осы видеомен бөлісуін сұраған екен. 

Абу 12 жастағы ұлын алып қашып кетеді. Алайда тәртіп сақшылары оны араға 12 сағат салып тауып алады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде