{metadescription}
Сирияда апатқа ұшыраған ұшақта Ресейдің 39 әскериі болған

Сирияда апатқа ұшыраған ұшақта Ресейдің 39 әскериі болған

Сирияда апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағында 6 экипаж мүшесі мен 33 жолаушы болған.

Олардың отбасыларына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады.

Бұған дейін ұшақ бортында 32 адам болғаны хабарланған болатын.

«Анықталған мәліметтер бойынша, Хмеймим аэродромына қону барысында апатқа ұшыраған Ан-26 көліктік ұшағының бортында 33 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы РФ Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері. Ұшаққа оқ атылмаған. Ресей Қорғаныс министрлігінің комиссиясы оқиғаның барлық нұсқаларын зерттеуде», - деп атап өтті ведомстводан.

РФ Қорғаныс министрлігінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына барлық мүмкін болған және қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін айтты.

Дереккөз: ТАСС

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде