Алматыда Rolls-Royce автосалонының витринасын шаққан жүргізушінің есірткі шеккені анықталды
Алматыда өткен айдың соңында Rolls-Royce Motor Cars орталығына келуші көлікпен дүкеннен шығып бара жатып, витринаға соғылған болатын.
18:30 07.03.2018
Кейін тергеу кезінде көлік жүргізіп, әйнекті сындырған жігіттің есірткіге мас болғаны анықталды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев хабарлады.
Бұл факті Сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тіркеліміне «Автомобильдi немесе басқа да көлiк құралын ұрлық мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу» бабы бойынша тіркелген.
«Медициналық тексеру қорытындысы бойынша заңсыз әрекетті жасаған кезде көлік жүргізген 1990 жылғы азамат есірткіге мас болған», – деп хабарлады ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.
Қазір қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалғанымен, тергеу әлі жалғасып жатыр.
Айта кетейік, өткен айдың соңында Алматыда Rolls-Royce автосалонынакелуші дүкен көлігін витринаға соғып алып, айтарлықтай шығынға ұшыраған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!