ФОТО: Лотореядан 5,5 миллион ұтып алған 57 жастағы әйел қыздай жасарып алды
Лоторея ұтып алған Лондон қаласының 57 жастағы тұрғыны салбыраған артық терісін алдырып, бетіне ботокс жасатыпты.
12:40 08.03.2018
Ұлттық лотереядан 5,5 миллион доллардан астам ақша ұтып алған Мелисса Эд бет-пішінін өзгертетін косметикалық процедураларға 4 162,40 доллар жұмсаған.
Оған қоса ол ернін үлкейтіп, қасын көтертіп, тағы да ота жасатпақшы екен.
Миллионер әйелдің күйеу жігіті Рейчел Насон қалыңдығының адам танымастай өзгеріп, жасарып кеткеніне қуанып отыр. Ол Мелисса бұрын салбыраған терісімен жүргенде күркетауыққа ұқсайтын деп, қалжыңдады.
«Оның терісі бұрынғыдай салбырап тұрмайды. Қазір бетінде пішін пайда болып, сұлулана түсті. Мен енді одан: басымды ауыстырғым келеді деген сөзді күтіп жүрмін. Ол содан кейін ғана бақытты болатын шығар деп ойлаймын»,-деді Рейчел Насон.
Ал ақшаға белшесінен батқан Мелисса келесі кезекте мұрны мен тісін өзгертікі келеді екен. Оның үстіне, ол бет-әлпетін жас көрсететін ота жасатпақшымын дейді.
«Мен өзімді жай ғана жас, балғын, әрі нәзік әйел сезінгім келеді»,-дейді Мелисса Эд.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!