ВИДЕО: Аяғы теріс қаратып тігілген қыз балет билеп жүр
АҚШ-тың Миссури штатының жас тұрғыны сүйектің қатерлі ісігіне байланысты аяғын кесіп тастағанына қарамастан балет бишісі болуды алдына мақсат етіп қойған.
12:50 09.03.2018
Габи Шелл алты жасынан бастап би үйірмесіне қатысқан. Ұстаздары талантты қыздың болашағынан үлкен үміт күтіп, оның үлкен сахналарды бағындыратынын айтатын.
Алайда, тоғыз жасқа толғанда дәрігерлер оған «остеосаркома» диагнозын қойған – тізенің қатерлі ісігінің сирек кездесетін түрі. Осы кезден бастап ата-анасы қыздарының денсаулығы мен болашағына қатты алаңдай бастаған.
Медицина саласындағы соңғы жетістіктердің арқасында дәрігерлер қыздың аяғына күрделі ота жасап, оның оң аяғын теріс қаратып тігіп берген. Осыдан кейін Габидің бойында өзіне деген сенімділік пайда болып, өмірге және өнерге деген құштарлығы қайта оянған.
Қазір оның жасы 15-те және ол қайтадан аяққа тұрып, өз өнерімен дүйім жұртты таң қалдыруды армандайды.
Қазір Габи өзінің тобында бәсекелестік көрсете білетін толыққанды биші.
Қазіргі таңда Габи өмірінің келесі кезеңіне өтуді жоспарлап жүр: ол балетте өнер көрсетіп қана қоймай, педиатрия саласының маманы немесе медбике болып қызмет етуді армандайды. Осылайша ол қатерлі ісікке қарсы күреспек ниетте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!