ФОТО: Арман Оспанов 5 мамырда жекпе-жек өткізеді
Қазақ ережесіз жекпе-жек шебері Арман "Сұңқар" Оспанов 5 мамыр күні Мәскеуде өтетін АСВ 86 турнирінде бақ сынайды.
12:40 10.03.2018
Қазақстандық спортшының қарсыласы – ресейлік (тегі армян) Акоп Степанян. АСВ ұйымымен 2017 жылдың ақпан айында келісімшартқа қол қойған.
"Снайпер" деген лақап атқа ие тәжірибелі ережесіз жекпе-жек шебері. ММА спортында 26 кездесу өткізген. Оның 19-да жеңіске жеткен. 7 рет жеңілген. АСВ 62 турнирінде Фелипе Крузды айналып теуіп құлатып, нокаутқа түсірген. Жекпе-жек кешінің үздік спортшысы атанған болатын.
Акоп Степанян соңғы рет АСВ 74 турнирінде ұлыбританиялық Эндрию Фишермен кездесіп, жарақат алып, жекпе-жекте жеңілген. Спортшы көбіне тік тұрып жекпе-жек өткізеді. Себебі бокс, таеквондо және кикбоксингпен шұғылданған.
Арман соңғы жекпе-жектерінен кейін емделіп, жаттығу жұмыстарын бастады. Cпортшы АҚШ-қа бармай (ары-бері уақыт жоғалтпай), Алматыда дайындалмақ жоспарда екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!