ВИДЕО: Леопард адамдарға шабуыл жасаған
Үндістанда адасып қалған леопард адамдарға шабуыл жасады.
14:32 10.03.2018
Жыртқыш аң үнділердің Индаур қаласына кіріп кетіп, адамдарға шабуылдай бастаған.
"Жыртқышты байқаған жергілікті тұрғындар полиция мен жануарлар бойынша мамандарды шақырды. Осыдан кейін олар салынып бітпеген үйдің ішінде леопардты тордың көмегімен ұстамақшы болды, бірақ жануар сыртқа шығып, ер адамды жаралады", - деді куәгерлер.
Бірнеше сағаттан кейін зооқызметтің мамандары жыртқышты транквилизатордың көмегімен ұйықтатып тастады. Айта кетейік, леопард еркіндікке жіберіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!