Видео: Антарктидада пингвиндер селфи жасады
Антарктидада бірнеше пингвин зерттеушілер тобы тастап кеткен фотокамераны тауып алып, селфи жасаған.
11:34 11.03.2018
Пингвиндер түсіп қалған видео Аустралиялық Антарктикалық бағдарламының Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды
Желі қолданушылары пингвиндердің видеосын «селфи-видео» деп атады. Видео кадрларынан екі пингвиннің камераға жақындап келіп, басын жан-жаққа бұрғаны байқалады. Мұнан кейін олар фотоаппаратты зерттей бастайды.
Аталған ролик ғылыми-зерттеу станциясы маңындағы пингвиндер жатағында кездейсоқ түсірілген. Зерттеу тобының мүшелерінің бірі Эдди Голт камераны мұз үстіне қойып қойған.
Ғалымдардың айтуынша, пингвиндер табиғатынан білуге құмар болғандықтан, техникаға деген қызғушылықтары бекер емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!