{metadescription}
Анасы 9 айлық сәбиін тұншықтырып өлтіріп, денесін қоқысқа лақтырып тастаған

Анасы 9 айлық сәбиін тұншықтырып өлтіріп, денесін қоқысқа лақтырып тастаған

Ресейдің Волгоград облысының тұрғыны өзінің 9 айлық сәбиін өлтірді деп күдіктеліп отыр.

«Фролово қаласының 26 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол өзінің 9 айлық баласын өлтірді деп күдіктеліп отыр», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Тергеу нұсқасы бойынша, әйел 1 наурызда 9 айлық сәбиімен бірге Волгоградқа кеткен. Ол жақта әйел жалдамалы пәтер жалдап, 3 күннен кейін баласын тұншықтырып өлтірген. Мұнан кейін ол баласының денесін қоқыс жәшігіне лақтырып, басқа қалаға кетіп қалады.

Күдіктінің анасы немересінің жоғалып кеткенін полицияға хабарлағаннан кейін тәртіп сақшылары аталған қылмыстың бетін ашқан. Әйелдің тұлғасы анықталды. Ол өз баласын өлтіргенін мойындады.

Қазіргі уақытта полицейлер сәбидің денесін іздестіріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.