{metadescription}
Жұбайы зайыбының бетіне күкірт қышқылын құып жіберді

Жұбайы зайыбының бетіне күкірт қышқылын құып жіберді

Үндістандағы Морадабад қаласында тұратын ер адам ұйықтап жатқан әйелінің бетіне күкірт қышқылын құйып жіберген.

Екінші рет дүниеге қыз алып келген әйеліне деген ренішін ол осындай жолмен білдірген.

25 жастағы зардап шегуші әйел ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Оның беті, қолы мен іші күйіп қалған.

Олардың заңды некеге тұрғандарына сегіз жылдың жүзі болған және ортақ екі қыздары бар.

«Тұңғышымыз қыз болған кезде жұбайымның туыстары мені сөге бастады. Уақыт өте келе олардың тарапынан қысым көбейіп кетті. Былтыр дүниеге екінші қызым келгенде жағдай тіптен ушығып кетті. Мені күн сайын ұра бастады. Мен күнделікті азаптауға әрең шыдап, екі қызымның денсаулығы үшін алаңдадым», - дейді зардап шегуші келіншек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде