{metadescription}
ФОТО: Бизнесмен қарумен Грекияда ойынды тоқтатты
Біріншіліктің екі мықты командалары ПАОК пен АЕК арасында тартысты матч өтіп жатқан.
12:16 12.03.2018
ПАОК футбол клубының басшысы, ресейлік кәсіпкер Иван Саввиди Грекия чемпионатының матчында шу шығарды.
Төреші Гиоргос Коминос 90-минутта соғылған голды санамай қойды. Артынша Саввиди тапаншасын ұстап алаңға жүгіріп шықты.
Ол төрешіге «Сен өлесің» деп айқай салды.
Кездесу тоқтатылды. Енді тәртіп кометитеті оқиғаға қатысты өз шешімін шығарады.
Дереккөз: prosports.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!