ВИДЕО: Бойжеткен шіркеу алдында өз көздерін ойып алған
Оңтүстік Каролина тұрғыны Жер шарын құтқармақшы болып, өз көздерін өзі ойып алған.
15:28 13.03.2018
20 жастағы студент өз көздерін дәл шіркеу алдында ойып алған. Оның бұл қадамына есірткі әсер еткен көрінеді.
Кейли Мутхарт жоғарғы сынып кездерінен ішімдік ішіп, есірткіні қолдана бастаған. Алайда, мектеп бітіре сала метамфетаминге көшеді. Осы химиялық қоспа оны әлемді құтқаруға итермелесе керек.
Қыздың айқайын естіген адамдар шіркеу ішінен атып шықты. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем келгенге дейін бойжеткен көздерін қолында ұстап отырған. Олар әлі де басынан ажырамаған қалпында болды. Дегенмен де, дәрігерлер қыздың көру қабілетін құтқара алмады.
«Саусақтарымды тығып, көздерімді айналдыра жұлып шығарғаным аса ауыр арпалысқа ұқсап кетті. Мен мүлдем қан көрген жоқпын. Тіпті ештене сезбей қалдым», - дейді бойжеткен.
Ауруханада Кейлидің биполярлық психикалық ауытқуы бар екені расталды. Оқиғадан кейін, шамамен бір ай көлемінде ол аса қатты бас ауруынан зардап шекті.
Кейли организмнің өздігінен күресуін қалап, ауруды қойдыртатын дәрі-дәрмектерден де бас тартты. Енді бойжеткен есірткі атауын мүлдем ұмытқан. Ол өмірінің жаңа парақшасын дұрыс жолмен бастағысы келетінін айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!