Төрт жыл бұрын көмек сұраған жолаушының бөтелкедегі хаты табылды
Бермуд аралының тұрғыны 1,6 мың шақырымнан астам жерден жіберілген ішінде хабарлама жазылған бөтелке тауып алды.
15:49 13.03.2018
12 жасар Джозеф Валлис сыныптастарымен жағалауды қоқыстан тазарту кезінде ішіне хат салынған бөтелке тауып алған.
Оның ішінде маңызды хабарлама болуы мүмкін деп ойлаған бала, бөтелкені әкесіне көрсеткен.
Олар оны ашып, ультракүлгін шамның көмегімен жазбаның мәтінін оқыған. Хатты 2014 жылдың сәуірінде француз кемесінің жолаушысы жіберген екен.
Жазба авторы хабарламаны қолына алған адамға оған хабарласуды өтінген. Джозеф әкесі екеуі хатта көрсетілген электронды пошта мекенжайына тауып алған хабарламаны жолдаған. Бірақ олар әлі күнге дейін ешқандай жауап келмеді, деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!