ФОТО: Демалуға барған әйел дәл судың ортасында босанды
Қызыл теңізге демалуға барған әйел дәл судың ортасында босанды.
09:19 14.03.2018
Мысырдың Дахаб қаласындағы Қызыл теңізге демалуға барған ресейлік турист дәл судың ортасында босанған.
Әлеуметтік желіде суда туылған сәбидің суреттері пайда болды. Кіндігі кесілмеген нәрестені судан оның әкесі мен атасы алып шыққан.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа босанған әйелге күйеуі мен өзінің әкесі көмектескен.
Айта кетейік, соңғы жылдары ресейлік әйелдер суда босануды әдетке айналдырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!