{metadescription}
ФОТО: Головкин WBN-нің Жыл боксшысы марапатына ие болды

ФОТО: Головкин WBN-нің Жыл боксшысы марапатына ие болды

WorldBoxingNews.net беделді сайтының нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы атанды.

WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бұдан бұрын ие болған WorldBoxingNews.net беделді сайтының нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы наградасын өз қолына алды.

Головкиннің марапаты 5 мамырға жоспарланған Сауль «Канело» Альвареспен реваншқа дайындалып жатқан Big Bear-дағы жаттығу базасына жеткізілген.

«Бүгін таңертең керемет тосын сый келді! Барлықтарыңызға қолдауларыңыз бен маған артқан сенімдеріңіз үшін рахмет», - деп жазды Геннадий әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында.

Бұдан бұрын GGG бұл марапатқа 2013, 2014 және 2015 жылдары ие болған еді. 

Дереккөз: Sports.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде