Қазақстанда күн жылынады деп күтілуде
Қазақстанда 15-17 наурыз күндері жауын-шашын тоқтап, күн жылына бастайды.
13:11 14.03.2018
Қарағанды облысындағы биіктік циклоны мен оған байланысты ауа ағындарының себебінен орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қар, оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады.
Бірақ республиканың батыс облыстарындағы суық антициклон жылжып, оның орнына бірте-бірте циклон орныға бастайды.
Солтүстік облыстарда 16-17 наурыз күндері, ал оңтүстікте 17 наурызда жауын-шашын тоқтайды, республика шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын үш күн бойы жалғасады.
Батыс өңірлерде антициклонның шығысқа қарай жылжуынан күн жылынып, жауын-шашын болады. Өткен тәуліктерде түнгі ауа температурасы минус 20...28° төңірегінде болса, 16 наурызда минус 5-10 градусқа дейін көтеріле түседі, ал кейбір жерлерде тіпті 0°С та болады.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!