ФОТО: Сары көзді пинвгиндер азайып бара жатыр
Фотограф Мердо Маклауд Жаңа Зеландияға сапар шегіп, жойылып кету қаупі бар сары көзді пингвиндерді суретке түсірді.
13:40 14.03.2018
Олар қоршаған ортаның қаупі мен көптеген дерттің әсерінен күн санап азайып барады.
Осыдан 18 жыл бұрын олардың саны 7000-ға жуық болса, қазіргі таңда 3200-3600 сары көзді пингвин тіршілік етуде.
Хой-хо пингвиндері жыл сайын балалап, оның 80 пайызы тіршілікке бейімделе алмай, мерт болады.
Жыртқыштық, тіршілік ету аймағын таппау, аштық, аурулар мен жаһандық жылыну процесі аталған пингвиндерге төнген қауіптер тізімінде алғашқы орын алады.
Дегенмен, Жаңа Зеландиядағы Отаго қаласының тұрғындары үміттерін үзер емес. Олар еріктілерден топ құрып, Данидин емханасы мен қорығы өз жұмысын бастады.
Жабайы табиғатты қорғауға арналған бұл емхана-қорық бар болғаны 1 ай бұрын ашылды. Алайда, 2016-17 жылдары пингвиндерді бақылауда ұстағандықтан, 24-ін алып келіп, ем шарасынан өткізді.
Жаңа Зеландияда ғана кездесетін пингвиннің бұл түрі жергілікті халықтың мақтанышына айналған. Елге келетін туристердің басым бөлігі енді осы қорыққа келіп, табиғаттың ерекше жаратылысы – сары көзді пингвиндерді тамашалай алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!