ВИДЕО: Алматыдағы барлардың бірінде жаппай төбелес болды
Алматыда даяшылар мен мейрамхана қонақтары жұдырықтасты.
15:21 14.03.2018
Оқиға Алматыдағы Пинта мейрамханасында орын алса керек.
Алайда, төбелестің не себепті болғаны әзірге белгісіз болып отыр.
Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Бұл оқиғаның 9 наурызға қараған түні болғаны анықталды. Видеодан бір топ жігіттің арасында төбелес шығып, кейінірек бұл төбелеске даяшылардың да араласқаны көрінеді.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Төбелестен зардап шеккендер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!