{metadescription}
Олимпиада чемпионы психиатриялық ауруханаға түсті

Олимпиада чемпионы психиатриялық ауруханаға түсті

Оңтүстік Кореялық конькиші Ким Бо Рым өзінің анасымен бірге психиатриялық ауруханаға жатты.

Дәрігерлер Кимнің денсаулығында кінәрат барын анықтап, оған ауруханада ем қабылдап шығуға кеңес берген.

Оның анасында да дәл сол симптомдар анықталыпты. Сондықтан ол да қызымен бірге емделмекші.

Пхенчханда өткен Олимпиадада Ким даулы жағдайды ортасында қалған еді. Ол Оңтүстік Корея спортшыларының топтық жарыста төменгі жетінші орын алып қалғаны конькиші Но Сун-йонгтің жақсы өнер көрсете алмағандығынан болды деп, әріптесін кінәлаған болатын.

Осыдан кейін Корея халқы Олимпиаданың күміс жүлдегеріне наразылықтарын білдіріп, 600 мыңнан астам Кимді үлттық құрамадан шегеріп тастасын деген өтініш жазған.

Қорқып қалған спортшы адамдармен кездесуден қашып, ақыры ауруханаға түсіп тынды.

Белгілі болғандай, оның Пхенчханда алған жан дарасы тым ауыр болған көрінеді. Оның толық емделіп шығуына қанша уақыт кететіні белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде