Канелоның бесінші допинг-сынамасының қорытындысы белгілі болды
Альварестің бұған дейін екі допинг-сынағы оң нәтиже берсе, екеуі теріс нәтиже берген болатын.
12:21 15.03.2018
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өткізетін кездесуі алдындағы бесінші допинг-сынамасының қорытындысы белгілі болды.
Канелоның" бірінші допинг-сынамасының оң нәтижесін берген туралы ақпарат 6-наурыз күні шықты. Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны белгілі болған еді.
Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Кленбутерол дәрумені екі бірдей допинг-тесттен оң нәтижесін берді ол кезде.
9-наурыз күні мексикалық боксшының тағы екі допинг-сынамасының қорытындысы шығып, оның нәтижесінде боксшының қанына кленбутерол және басқа дәрумендер табылмады.
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, Альварес 9-наурыз күні тағы бір допинг-текстін тапсырыпты. Бірақ бұл жолы Сан-Диего қаласында. Оның қорытындысы сейсенбі күні шығып, ешқандай дәрумен табылмаған.
"Мен жүз пайызға бірінші допинг-сынақтың оң нәтиже берген кездейсоқ екеніне сенімдімін", - деп келтіреді Гоместің сөзін ESPN телеарнасы.
Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobileв спорт кешенінде өтеді. Бұл боксшылардың жекпе-жегі кейінге қалған туралы ресми мәлімет шыққан жоқ. Олардың бірінші кездесуі де Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.
Екі боксшының допинг-сынақтарын VADA (Допингке ерікті түрде тексерілу ассоциациясы) тексеріп отырады. Боксшылар бұл сынақтан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "Таза бокс" бағдарламасы аясында тапсырып отырады.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!