ФОТО: Дәрігерлер аяғы 180 градусқа бұралып кеткен қызды емдеп жазды
Аяғы 180 градусқа қисайып кеткен камерундық 11 жастағы Жюстиннің аяғын дәрігерлер қалпына келтіріп берді.
17:23 18.03.2018
Басылымның жазуынша, 11 жастағы оқушы қыз асықты жіліктің өсуін тежейтін аурумен дүниеге келген екен. Өсе келе Жюстиннің жағдайы нашарлап, тіпті 11 жасында одан әрі күрделене түскен.
Дегенмен қайсар қыз бойындағы сырқатына қарамастан, үйінен 4 шақырым жердегі мектеп барып-келіп жүрген. Ол тіпті ауру екенмін деп үйде отырмай, өзге балалар секілді түрлі ойындар ойнап, өмірге барынша шаттана білген.
Бүгінде Mercy Ships ұйымы ұйымдастырған қайырымдылық шарасының арқасында Жюстинге ота жасалған. Ол қазір өздігінен баспалдақтан емін-еркен түсе алады.
Хирургтардың сөзінше, Жюстинге остеотомия жасап, (жасанды сүйек сынығы) оның аяғын кері бұрауға тура келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!