{metadescription}

Сексеннен асқан әжей баласын пышақтап өлтірді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында сексеннен асқан әжей өз баласын пышақтап өлтірді.

Сайрам аудандық сотының мәліметінше, қазір 85 жастағы зейнеткердің үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті ретінде ұсталған әжейдің егде жасын ескерген сот оны үйқамаққа алу туралы санкция берген.

Еске салайық, қылмыстық оқиға  15 наурыз күні Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында болған еді.

Араққа тойған 55 жастағы ұлы анасына қол көтерген.

Осы кезде перзентінен қорғанған зейнеткер оған пышақ сұғып алған.

Кейіннен белгілі болғандай, марқұм болған ұлы біраз жылдан бері маскүнем ретінде наркологиялық диспансер мен ішкі істер органдарында есепке алынған екен.

Дереккөз: ҚазАқпарат   


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.