{metadescription}
Сайлау күні Орел әйелдері жасанды түсік күнәсінен босатылды

Сайлау күні Орел әйелдері жасанды түсік күнәсінен босатылды

Ресейдің Орел қаласының жасанды түсік жасаған әйелдерін және оның жақын туған-туыстарын 18 наурызда Ивер храмына шақыртып, оларға кешірім сұратқызып, күнәсін кешіру рәсімі жасалды.

Шақырту алдын ала әлеуметтік желіде жарияланды.

"Ивер храмында 2018 жылдың 18 наурызында сағат 10:00-де кешірім сұрау дін жорасы өтеді және жасанды түсік жасаған әйелдер күнәдан босатылады" - деген хабарлама таратылған.

Рәсімге аталмыш күнә жасаған барлық әйел затын және оның жақындары шақырған.

Жасанды түсік бала өлтірумен тең үлкен күнә болып саналады.

Христиандардың сенімінше, эмбрионның жаны бар. Жүктілікті тоқтатқан әйел күнәсіз жанды өлтіріп, адам өлтіруші болып саналады. 

Айта кету керек, мәжбүрлі түсік ананың өміріне де қауіп төндіреді. 

Бұл жағдайда шіркеу медицинамен ынтымақтаста - ананың өмірін сақтап қалу қажет.

Әйел өз істеген ісіне құдай алдында кешірім сұрауы тиіс деп санайды шіркеудегілер.

Әйтпесе шіркеуде некесін қиғандардың некесі бұзылады дейді.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.