ВИДЕО: Бұлшық етімен мақтанған жігіт ажал аузында жатыр
Жақында ғана бұлшық еті 2 см-ге өсті деп мақтанған ресейлік жігіт Кирилл Терешиннің халы ауыр.
17:10 19.03.2018
Оның синтол мен импланттартармен "ойыны" жақсылыққа әкелмеген тәрізді.
Бүгін Кирилл Терёшин әлеуметтік желіде достарымен қоштасты.
Кирилл Терёшин қатты ауырып жатқанын айтты. Жаны қиналып, төсектен тұра алмай жатыр екен.
"Бітті! Енді мұнда кірмеймін. Мені ұмытыңдар. Екі күн бойы төсек тартып жаттым. Жаңа әрең басымды көтердім. Йығым мен қолым екі есеге үлкейіп ісіп кетті. Ағзама қатер төніп тұр. Денсаулығым нашарлап барады. Не істерімді білмеймін. Дене қызуым 38.5, құдайдан басқа көмектесер ешкім жоқ. Төсек тартып құдайға жалбарынғаннан басқа амалым жоқ" - деп жазды ол.
Айта кетсек, жақында ғана Кирилл бұлшық етінің 2 сантиметрге өскенін көрсетіп мақтанған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!