ВИДЕО, ФОТО: Кениялық қаңғыбас ғашықтардың махаббат хикаясы
<
10:24 20.03.2018
Махаббат пен қоршаған ортаны біріктіру туралы қалыптасып қалған түсінікті "бұзған" ғашықтарға сыйлық жасалды.
Сэмми мен оның сүйікті қызы Вирджиния әрдайым Найроби (Кения) саябағында кездесіп жүреді. Олардың махаббатына сүйсінбейтін адам жоқ.
Өздері өте жұпыны лашықта тұрып жатыр.
Бірақ соған қарамастан екеуінің бір-біріне деген махаббаты олардың дүниеге деген сүйіспеншілігін жоймаған. Олар - бақытты!
Ғашықтарды сыртынан бақылап, тамсанған фотограф екеуінің фототоптамасын жасады.
"Бұлар адамдардың махаббат туралы әдеттегі әдемі көрінісіне соққы берді. Кір-кір, жыртық киім киген, түсініксіз сөйлейтін адамдардың жан дүниесі қандай әдемі! Сэмми мен Вирджиния да өзге адамдар секілді бола алады, егер мүмкіндігі болса", - дейді фотограф Фреймс.
Фототоптама ұйымдастыру үшін фотограф ғашықтарға киім-кешек тауып беріп, бетін әрлеп, тырнағын алып, бояп, жуындырып-шайындырып, шаш үлгісін жасап - сыйлық жасады.
Екеуінің бал-бұл жайнаған бақытты жүзіне қарап отырып, олардың қандай жағдайда тұрып жатқаны, үйсіз-күйсіз жүргені ешкімнің ойына да келмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!