{metadescription}
Ер адам басына мұз кесегі түсіп, қаза болды

Ер адам басына мұз кесегі түсіп, қаза болды

Оралда ер адам шатырдан түскен мұз кесегінен қаза тапты.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев бұл оқиғаның бүгін, 28 наурызда болғанын айтады.

"Гумар Караш көшесінде төтенше жағдай болды - орта жастағы ер адамға мұз түсіп кетті. Ер адам оқиға орнында қаза болды. 2 минутта оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның өлімін тіркеді", - деп хабарлады Қанат Төсекбаев.

Дәрігердің айтуынша, ер адамның қанша жаста болғаны және осы оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: "Уральская Неделя"

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде