{metadescription}
Илья Ильин үлкен спортқа оралады

Илья Ильин үлкен спортқа оралады

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралуына қатысты пікір білдірді. 

«Мінсіз физикалық формаға шамамен 40% жақынмын. Өйткені ауыр атлетикамен мен  он күн бұрын ғана айналыса бастадым. Бірақ бұған дейін жүгіріп, суға шомылып, футбол ойнап жалпы спорттық дайындықты назардан тыс қалдырмадым. 32 жасқа дейін ауыр алтетикамен айналысқым келгендігі туралы бұрынан жоспарым болған», - деді Илья Ильин Kazakh TV Youtube-арнасына  берген сұхбатында. 

Спортшы Токия Олимпиадасында топ жару баяғыдан бергі арманы екендігін айтты. 

«Әрине, мен төрт дүркін Олимпиада чемпионы болуды армандаймын. Біріншіден, мен қазір он жыл бұрын жоспарлаған жоспармен жүріп келемін. Екіншіден, мен бұл спортты жақсы көремін. Өз ісімді сапалы әрі әдемі көрсете аламын.Оның үстіне мен әлі жаспын. 29 жас - бұл спортшының «шыңы». Себебі менде ақылмен саралау, шеберлік пен тәжірибе, жалпы дайындық жеткілікті», - деді спортшы өзінің сұхбатында. 

Еске сала кетсек, Илья Ильиннің сынамасынан допинг табылып, 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. 

IWF хабарлауына қарағанда, Қазақстандық спортшыны дисквалификациялау мерзімі 2018 жылдың 19 қазанында аяқталады. 

Бұған дейін спорттан шеттету мерзімі 2016 жылдың 10 маусымында басталғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.  Сондай-ақ, Илья Ильин 2020 жылғы Олимпиадаға қатысуы мүмкін.  

Дереккөз: Sports.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде