{metadescription}
ОҚО-да жоғалған қыздың денесі табылды

ОҚО-да жоғалған қыздың денесі табылды

28 наурыз кешкі сағат 20:10 шамасында 7 жасар қыздың мәйіті су арнасынан табылды.

Полиция бөліміне арыз түсе салысымен іздеу жұмыстары жүргізілген.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жалпы 150 ден астам адам жұмылдырылған болатын.

Бірінші сыныпта оқитын Инабат Мұхтарқожа Ақниет ауылындағы нағашыларына қыдырып барған екен. Түс әлетінде туыстары оны таппай қалған.

7 жасар қыз жоғалған Ақниет ауылы маңынан Таскен каналы өтеді. Туыстары жоғалған жеткіншектің сол каналға түсіп кетуі мүмкіндігін айтқан. Жоғалған қызды іздеуге сүңгуірлер жұмылдырылды.

Бұған дейін жеті жасар қыздың жоғалып кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: otyrar.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде