Түрмедегі өрттен 68 адам қайтыс болды
Венесуэлада орналасқан түрмеде өрт шығып, 68 адам қаза тапты.
11:21 29.03.2018
Бұл туралы елдің бас прокуроры Тарек Уильям Сааб сәрсенбі күні кешке мәлімдеді.
Бұған дейін ақпарат құралдары ресми емес деректерге сүйеніп, 78 адам қайтыс болды деп жазған.
«Венесуэла прокуратурасы Карабобо штатында орналасқан полиция комендатурасындағы қайғылы жағдайдың салдарынан, атап айтқанда өрттен 68 адам қайтыс болғанын хабарлайды. Қазір трагедиялық жағдайдың мән-жайын анықтау үшін аумақтан үш және бір ұлттық прокурор тағайындалды», - деп жазды Сааб Twitter-дегі микроблогына.
Дереккөз: Риа Новости
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!