Кемероводағы өрттен зардап шеккендер саны 79 адамға жетті
12 адам ауруханаға жатқызылған, қалғандары амбулаториялық ем алып жатыр.
13:09 29.03.2018
Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрттен зардап шеккендер саны 79 адамға дейін жетті.
Бұдан бұрын өрт салдарынан 76 адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылғаны хабарланған. Көпшілігіне иіс тиіп, кейбірінің тыныс алу жолдарын күйік шалыпты.
"Зардап шеккендер саны 79 адамға жетті. Қазір 12 адам ауруханада жатыр. 67 зардап шегушіге амбулаториялық ем тағайындалған", — деп мәлімет берді жедел қызмет өкілі.
"Зимняя вишня" сауда орталығында 25 наурыз күні жойқын өрт болды. Салдарынан 64 адам қаза тапқан, олардың 41-і балалар.
Дереккөз: РИА Новости
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!