Кемеровода қаза болғандар тізіміндегі үш адам тірі болып шықты
Кемеровода болған өрттен кейін хабарсыз кетіп, туыстары қаза болғандардың тізіміне кіргізген үш адам тірі болып шықты.
09:35 30.03.2018
Бұл туралы Іздестіру комитетінің мамандары мәлімдеген.
Жалпы жоғалғандар жайлы 64 өтініш түскен, оның 64-і де расталған.
Өрттен кейін із-түзсіз кеткендер жайлы ақпаратты Кемерово облысының әкімшілігі де тексеріп жатыр.
Кемерово облысының вице-губернаторы Владимир Чернованың айтуына қарағанда, 78 адамды туыстары әлі де іздестіріп жатқан көрінеді.
Ол сонымен қатар бұл ақпараттың әлі де өзгеруі мүмкін екенін айтты. Оның айтуына қарағанда, жоғалғандар туралы ақпарат расталмаса тиісті адамдар жазаланатын болады.
Естеріңізде болса, Кемерово облысында 25 наурыз күні "Зимняя вишня" сауда ойын-сауық орталығынан өрт шығып, 26 наурыз күні өшірілген болатын. Өрт салдарынан 64 адам көз жұмған, көбі балалар болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!