{metadescription}
Жетісу клубының экс-ойыншысы адам өлтіргені үшін сотталды

Жетісу клубының экс-ойыншысы адам өлтіргені үшін сотталды

Алматы облысының соты "Жетісу" мен "Алтай" футбол клубтарының бұрынғы ойыншысына қатысты үкім шығарды.

Оған кісі өлтірді деген айып тағылған болатын.

Қылмыс 2017 жылғы қарашаның 28-інен 29-ына қараған түні, Көксу ауданы Балпық би ауылында орналасқан букмекерлік кеңсе маңында болған.

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, аталған ауыл тұрғыны футболшы Саят Сариевтен ақша талап еткен. Ал ақша беруден бас тартқан футболшыға қол көтерген.

Ал ол болса, автокөлігінен заңсыз сақталған шолақ мылтығын алып, өзін жәбірлеушіні атып салған. Алған жарақат салдарынан ауыл тұрғыны оқиға орнында мерт болды. Істі қараған сот Сариевты кінәлі деп тауып, оны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

«Саят Сариев ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 1 бөлімі және 287 бабы 2 бөліміне сәйкес кінәлі деп танылды. Осыған орай оған 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды», - делінген сот үкімінде.

Айта кетерлігі, Алматы облыстық соты осы істің апелляцияға берілгенін нақтылады. Ол бойынша сот тыңдауы 4 сәуірге белгіленген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде