4500 өзбекті пәтеріне тіркеуге тұрғызған тұрғын жаға ұстатты
Қалалық прокуратура осындай сұмдық жайттың бетін ашты.
14:15 30.03.2018
Елордалық тұрғын өз пәтеріне 4500-нан астам өзбек азаматын тұрғылықты тіркеуге тұрғызып, сол «көмегі» үшін олардан ақша алып келген деп хабарлайды esil.media инстаграм парақшасы.
Астана тұрғыны 4567 Өзбекстан азаматын өз пәтеріне тұрақты тіркеуге қойып, олардан осы үшін 3-5 мың теңге көлемінде ақша алып келген.
Десе де, көрші ел азаматтарының барлығы дерлік шын мәнісінде бұл пәтерде тұрмағаны анықталыпты.
Аталған іске қатысты бүгінде астаналық тұрғынның үстінен іс қозғалған. Әзірге аталған оқиға прокуратура қызметкерлерінің қатаң бақылауында тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!