{metadescription}
Автобус апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты

Автобус апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты

Түркияның шығысында шағын автобус апатқа ұшырады. 17 адам қаза тауып, 36 адам зардап шекті.

Зардап шеккендердің жетеуінің жағдайы ауыр.

14 адамға арналған жолаушылар көлігінде 50 адам болған.

Апат Игдыр қаласындағы Игдыр-Карс тасжолында болған. Автобус жолда бағанға соғылып, өртеніп кеткен. Агенттік мәліметінше, 14 жолаушыға арналған көлікте Пәкістан, Ауғанстан, Ираннан қашқан 50 адам отырған. Олар түрік-иран шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Автобус бағанға қатты соғылғандықтан, жолаушылардың бір бөлігі жолға қарай ұшып кеткен. Тежегішті басып үлгермеген көлік жолға ұшып құлаған жолаушылардың кейбірін қағып кеткен.

Hürriyet басылымының хабарлауынша, шағын автобус жүргізушісі бой тасалап қалмақ болғанмен, ұсталып қалды.

Дереккөз: Anadolu

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.