{metadescription}
Ер адам үш жыл бойы өлген ағасының мәйітін тығып келген

Ер адам үш жыл бойы өлген ағасының мәйітін тығып келген

Полиция 2015 жылы қайтыс болған ер адамның мәйітін тауып алды.

Қазірге дейін қайтыс болған адамның жанында бауыры тұрып келген. Ол өлген бауырының денесін көрпемен жауып қойған.

Оқиға Ливерпульде орын алған.  Дональд Поллард полиция келгенде інісінің өлгенін және екінші қабатта жатқанын айтқан.

Донольд 4 ұл, 1 қыздың ішінде ең жаманы болған. Ата-аналары қайтыс болғанда бауырлары көшіп кеткен. Дональдқа мүгедек ағасы Стивенді бағуына тура келген. Жігіт ағасын өлгеннен кейін де жібергісі келмеген.

Ер адам өлген адамның мәйітін жерлемей, сақтап, оған берілетін жәрдемақысын алып келгені үшін айыпталды.

“Мен Стивеннің жанымда болғанын қаладым”, – деді Дональд Поллард сот алдында.

Сот Дональд Поллардтан алаяқтық деректерін анықтай алмады. Себебі ол өлген ағасының мемлекет берген жәрдемақсын пайдаланбаған.

Бәрі-бір де жігіт өлген адамның мәйітін сақтағаны үшін 18 айға қамалды. Сонымен қатар 20 күн психологиялық оңалту орталығында емделеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде