ВИДЕО: Үш қабатты үйді басқа жаққа көшіріп жіберген
Қытайдың Цзянси провинциясындағы фермер үйінің орнына тас жол түсетінін естігеннен кейін, үш қабатты пәтерін басқа жерге көшірген.
17:48 30.03.2018
Гао Ипин 2014 жылы үш қабатты үй салу үшін миллион юань қаражат жұмсады. Бірнеше ай бұрын отбасымен қоныс тойын тойлаған азамат сонша жыл салған үйінің орнына тас жолы түсетіні туралы хабар алды. Желгілікті билік оған өтемақы ретінде 680 000 юань төлеген.
«Жаңа салынған үйімізге кіргелі бір жыл да болмады. Мен оны бұзуға бергім келмейді », – дейді Ипин.
Ол сонша жыл еңбектеніп салған ғимаратты бұзғысы келмей, үйін басқа жерге көшіруді шешті. Фермер алты апта ішінде ғимаратты алты метрге жылжыту үшін қызметкерлер жалдады. Ол бұл қызмет үшін оларға 360 мың юань төлеген. Оның айтуынша, жаңа үйді салуға бұдан да көп шығын кетеді.
Ипиннің әдісін көрген оның көршілері де осы үлгі бойынша өз үйлерін көшіруді жоспарлап отыр. Екі жыл бұрын салынған төрт қабатты үй тас жолдың түсуінен бұзылуы мүмкін. Фермерге үйін сақтау қалу үшін оны жүз метрге жылжыту керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!